Павлодарда елдің егемендігін ұлықтайтын әдеби кеш ұйымдастырылады

Павлодарда елдің егемендігін ұлықтайтын әдеби кеш ұйымдастырылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ақындар патриоттық әндерді шырқайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

24 қазан сағат 11:00-де Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Республика күніне арналған «Егемен елім менің» атты әдеби-сазды кеш өтеді.

1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды.

Кеш барысында  музей қызметкерлері айтыскер ақын Мизан Жұмәлі, Сәуле Арынғазина, Назымгүл Шапағаттың орындауында патриоттық әндер шырқалады. Іс-шараға өңірімізге белгілі қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдері, «Жастар рухы» ұйымының жастары және «Сенімен – болашақ»қоғамдық бірлестігінің жанашырлары қатысады.