Павлодарда студенттер қатарына қабылдау кеші өтеді

Павлодарда студенттер қатарына қабылдау кеші өтеді
Фото: Ольга Бугаева

Басты сахнада жергілікті әншілер өнер көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазақстан студенттерінің Альянсы Павлодар облысы филиалының мәліметінше, 15 қыркүйек күні сағат 18:30-да Ertis Promenade сахнасында «STUDFEST» студенттер қатарына қабылдау мерекесі ұйымдастырылады. 

Сізді қызықты концерттік бағдарламамен ұмытылмас кеш күтеді. Сахнада Ayat, HatikoAli, Rysba & Brascoe және TOU BAND сияқты талантты әртістердің музыкалық нөмірлері шынайы эмоциялар мен қуат береді, – делінген хабарламада.

Концерттен кейін DMC XAN және DJ GUMAR диджейлер би кешіне музыкалық туындыларды ұсынады.