Павлодарда ер адамдар жол бойында төбелесті

Павлодарда ер адамдар жол бойында төбелесті
Фото: Константин Шелков

Жүргізушілер арасындағы жанжал төбелеске ұласқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алды. Әлеуметтік желіде тараған видеода орта жастағы ер адамдардың бір-бірімен жаға жыртысып, ұрып-соғып жатқанын көруге болады. Оқиға дәл жолдың бойында болған. 

Облыстық полиция департаменті болған оқиғаға түсініктеме берді.

– Жанжалға қатысушылар анықталды. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Тергеу іс-шараларының нәтижесі бойынша іс жүргізу материалдары сотқа жіберілді, – деп жазылған полиция департаменті хабарламасында.

Айта кетейік, аталмыш оқиға Естай көшесі – Назарбаев даңғылы қиылысында орын алды.