Павлодарда ер адамнан есірткі алынды
Күдікті көшеде ұсталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері 25 жастағы қала тұрғыны тыйым салынған заттарды заңсыз сатуға қатысы болуы мүмкін екендігі туралы жедел ақпарат алды. Тексеру кезінде мәліметтер расталды.
— Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер қаскүнемді қала көшелерінің бірінде ұстады. Тексеру барысында полиция қызметкерлері ер адамнан 31 синтетикалық есірткі конволюциясын, орауыш материалын, таразыны, электрлік таспаны, 1000-ға жуық бос зип-пакет, ұялы телефондар мен банк карталарын анықтады, — деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
Электрондық ақпараттық ресурстар арқылы есірткі құралдарын өткізгені үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.