Екібастұзда ерекше аналарға арналған жаңа жоба басталды

Екібастұзда ерекше аналарға арналған жаңа жоба басталды
Фото: pixabay.com

Ол «Ресурсты ана» әлеуметтік жобасы аясында қолға алынуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәлімдеуінше, 29 мамырда «Ресурсты ана» әлеуметтік жобасы аясында облыстық «Миссис ерекше ана» байқауы өтеді.

Екібастұз қаласында өтетін ауқымы кең, маңызы ерекше жобаға ерекше бала тәрбиелеп отырған кез келген ана қатыса алады. 

— Біздің мақсатымыз — қоғамға ерекше ананың жарқын, күшті және шабыттандыратын бейнесін таныту. Байқау аналардың тұлғалық сұлулығын, күш-қуатын, қадір-қасиетін, таланты мен ішкі нұрын көрсетуге арналған, - дейді ұйымдастырушылар.

Байқауға қатысушылар дайындық барысында қолдау мен сүйемелдеуге ие болады. Сонымен қатар,  фотосессияларға қатысып, жаңа таныстықтар мен жылы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алады. Әрі қатысушыларды қызықты сыйлықтар мен жүлделер ең бастысы  көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше шабыт күтеді.

Байқауға қатысуға ниетті павлодарлық аналар өтінім бере алады. Ол үшін толық ақпаратты +7 775 655 9837 телефон нөмері арқылы алуға болады. Ал өтінімді E-mail: maralbekbergenova1510@gmail.com жолдайсыз.

Аналар арасында өтетін дода Екібастұз қаласындағы «Самғау» балалар-жасөспірімдер клубында өтеді.