Павлодарда Ертіс өзенінде кеме қатынасын дамыту мәселесі сөз болды
«Атамекен» ҚР ҰКП төралқасы логистика және көлік комитетінің су көлігі жөніндегі кіші комитеттің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жиын барысында негізгі мәселелердің бірі Ертіс өзенінде кеме қатынасын дамытуға байланысты мәселелер айтылды. Талқылауда жағалаудағы көлік инфрақұрылымының, сондай-ақ шлюздердің тозуына байланысты проблемалық мәселелер атап өтілді. Бұл кемелердің өткізу қабілетін айтарлықтай шектейді және осылайша ішкі су көлігінің дамуына кедергі келтіреді. Мемлекеттік техникалық флоттың тозуы қадағалаушы органдарға кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өз функцияларын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік бермей, өзекті күйде тұр.
«Бізде «орта дәлізге» және негізінен Қазақстанның инфрақұрылымына сұраныс бар. Жүк ағындары мен жеткізу тізбегінде өте күрделі қайта бөлу орын алды. Беларусь пен Ресейден Еуропаға тікелей кеткен ағын қазір Қазақстан арқылы өтіп жатыр. Темір жол көлігінде учаскелердің өткізу қабілеті бойынша тар аумақтар бар. Кейбір жерлерде темір жол тораптарын, ағызу алаңдарын және т.б. дамыту қажет», - деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының Логистика және көлік комитеті төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко.
Ю. Лавриненконың айтуынша, инфрақұрылымды бір күнде дамыту немес темір жол учаскесін, портты салу мүмкін емес. Сондықтан жолдар мен порттар арқылы ағындарды дұрыс қайта бөлу маңызды.
Отырыс барысында кіші комитет отырыстарының 2022 жылға арналған шешімін іске асыру мәселелері, атап айтқанда, теңіз көлігі саласындағы халықаралық конвенцияларды ратификациялау, теңіз су айдындарына гидрологиялық зерттеу жүргізу үшін мамандандырылған ғылыми-зерттеу институтын тарту мүмкіндігі, Ертіс өзені және теңіз өнеркәсібін цифрландырудағы проблемалық мәселелер қаралды.
«Біз Үкіметке осы мәсғлелерді жеткізіп, хабардар еткіміз келеді. Өйткені Ертіс арқылы қиыршық тас, көмір, мұнай өнімдері мен өзгеде тауарларды тасымалдау 11 миллион тоннаға дейін жетті. Бүгінде контейнерлеу қажеттілігі туралы мәселе тұр. Әсіресе пандемия кезінде Қытай барлық дерлік тауарды тек контейнерлерде қабылдауды талап етті. Тіпті қажеттіліктен жүк жөнелтушілер контейнерлерге қайта көңіл бөле бастады. Егер су жолдарында контейнерлер пайда болса, олар технология жүзінде де көп нәрсені өзгертеді. Бұл тәжірибе Еуропада бар және ол өте жақсы дамып келеді», - деп атап өтті төрағаның орынбасары.
Көшпелі отырысқа «Kazlogistics» Қазақстан көлікшілер одағы, мемлекеттік органдардың, Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, Ақтау және Құрық теңіз порттарының, Павлодар өзен портының, кеме қатынасы компанияларының, салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Сондай-ақ сырттай кездесу өткізілген Павлодар өзен портының жағдайын зерттеуге мүмкіндік туды. Порт бұл жерден ірі транзиттік жүктер өтетіндей етіп орналасқан, дейді «Павлодар өзен порты» АҚ-ның бас инженері Бауыржан Әубәкіров. Мұнда айтарлықтай арзан көлік тораптары атап айтқанда темір жолдар мен автомобиль жолдары жақсы дамыған. Ал, Павлодар өзен портының арқасында алыс-жақын шетелдермен жақсы байланыс орнатуға болады.
«Порттың порталдық крандармен жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Бізде Кеңес Одағынан кейін қалған техникалар бар. Тозығы жеткен, бірақ мүмкіндігінше жаңартып жатырмыз. Қазір портта жеті кран бар. Олардың ішінде алтауы жұмыс жасайды. Кранды толық құрастыру үшін шамамен 600-650 миллион теңге қажет», - деп қосты ол.
Оның айтуынша, қазір компанияға жүк тиегіштер қажет. Оларды порт та сатып алуды жоспарлап отыр. Мұның бәрін бір жылдың ішінде жасау мүмкін емес. Бірақ бизнес-жоспарға жүк тиегіштер мен бульдозерлерді сатып алу кіреді.
«Біздегі техникалар 50-70 пайызға тозған», - деді Бауыржан Әубәкіров.
Әзірге компанияның барлық кемелері зәкірде, өйткені өзенде уылдырық шашу жүріп жатыр. Бұл кезең 30 мамырда аяқталады. 31 мамырда олар құм өндіруге кіріседі. Негізінен Павлодар өзен порты арқылы қиыршық тас тасымалдайды.