Павлодарда инватакси өтініштерді қашан қабылдай бастайды?
Қызметтерді жаңа мердігер ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
- Инватакси үшін құжаттарды қабылдау Ломов көшесі, 171, №4 кеңсе мекенжайы бойынша жүзеге асырылады. Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін жүргізіледі. 1 қыркүйекке дейін қызмет көрсетілгендердің барлығына құжаттарды қайта тапсыру талап етілмейді. Тасымалдау 5 қаңтардан бастап жұмыс істей бастайды, ал осы күнге өтінімдерді 4 қаңтарда сағат 9: 00-12: 00 WhatsApp нөмірі бойынша беруге болады 8(705) 612-57-47, - деп атап өтті қоғамдық бірлестікте.
Еске сала кетейік, өткен жылдың наурыз айынан бері мүгедектігі бар павлодарлықтарға, соның ішінде аутистік және ақыл-есі кемістігі бар адамдарға инватакси қызметі көрсетілді.
Инватакси бағыттары жұмыс орындарына, оқуға, оңалту орталықтарына, ауруханаларға, емханаларға, сондай-ақ қаланың мәдени-демалыс мекемелерін қамту бойынша құрылған.
Кәмелетке толмаған жолаушыларға міндетті түрде ересек адамдардың бақылауымен жүру талап етіледі.