Павлодарда көпқабатты үйде түтін шыққан

Павлодарда көпқабатты үйде түтін шыққан
Фото: pixabay

Электр қалқанда сымдар балқып кетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 3 қыркүйек күні Назарбаев даңғылы, 4/1 мекенжайындағы үйдің төртінші қабатынан түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 

– Подъезд ішінде электр қалқанда сымдар балқып кетті. Тұрғындардың эвакуациясы болмаған,– деді департаментте.

Оқиға орнына үш бірлік техника және 12 адам жұмылдырылды.