27 сәуірде Павлодар облысында күн салқындайды
Күндіз сынап бағаны +18°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +2...+7°C болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде 2°C-қа дейін үсік жүреді. Солтүстік және шығыс бөліктерінде жаңбыр жауады. Күндіз +13...+18°C. Жауын-шашын болмайды.
Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді деп болжануда.
Павлодар қаласында түнде +5...+7°C. Күндіз +15...+17°C болады. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.