Павлодарлықтарды үйлерінің шатырындағы қарды тазалауға шақыруда

Павлодарлықтарды үйлерінің шатырындағы қарды тазалауға шақыруда
Фото ашық дереккөзден

Шатырларды қардан тазалау тұрғындардың қаражаты есебінен жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ауа райының жылынуына байланысты шатырлардағы қар еріп, қатып, адам денсаулығына зиянды мұздар қалыптасуы мүмкін.

Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Бахытгүл Базылованың мәліметінше, қызмет көрсету ұйымдары қалада көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын қар мен мұздан тазарту жұмыстарын бастады.

Бұл жұмыстар үйдің меншік иелерінің есебінен жүзеге асырылады, өйткені көптеген қызмет көрсету ұйымдарында бұл қызмет тарифте қарастырылмаған, –деді Бахытгүл Базылова.

Сондай-ақ бұл жұмыстарды лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдар, яғни альпинистер жүзеге асыруы тиіс екенін атап өтті.

Еске салайық, бүгін Павлодарда ауа температурасы «Қазгидромет» РМК мәліметінше, күн бұлтты болады. Түнде қар, күндіз қар мен жаңбыр аралас түрінде жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.Синоптиктер ақпан айының соңы Павлодар облысында да жылы болатынын ескертті.