Павлодарда көпқабатты үйлерді бояуды қолға алмақ

Павлодарда көпқабатты үйлерді бояуды қолға алмақ
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

39 үйдің сыртқы қасбеті түрленеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

28 ақпанда Павлодар қаласының ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі «Үйлерді сырлау, қасбеттерді жөндеу» іс-шарасы бойынша ашық конкурс жариялады. Бірақ 4 наурыз күні сметалық құжаттың өзгеруіне және сырланатын үйлердің көбеюіне байланысты конкурс өткізілмей қалды.

– 2025 жылы Лермонтов көшесіндегі 15-үйді, Торайғыров көшесіндегі 21- үйді және Н.Назарбаев даңғылы бойынша үш үйді бояуды жоспарлануда, – дейді бөлімде.

Қаржыландыру көлемі SANA бағдарламасының қаражатынан анықталды.

Өткен жылы мердігер үйлердің қасбеттерін барлық сапа стандарттары бойынша және уақытылы бояды. Ұйым жосықсыз мердігер ретінде танылмады, орындалған жұмысты қайта өңдеуге қатысты талаптар да болмады.