Павлодарда көпқабатты үйлерге жылу беріле бастайды

Павлодарда көпқабатты үйлерге жылу беріле бастайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғын үйлер орталықтандырылған жылыту жүйесіне кезең-кезеңімен қосылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, тиісті қаулыға сәйкес, 28 қыркүйектен бастап көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру басталады.

Үйлер бірден емес, біртіндеп қосылады. Бұл мамандарға жылыту жүйесінде қажетті гидравликалық реттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Павлодарда жылыту маусымы 14 қыркүйекте басталған. Қазір барлық әлеуметтік нысандар жылумен қамтылды.

Жеке тұрғын үйлерді жылыту жүйесіне қосу жұмыстары да аяқталуға жақын.