Павлодарда көрші облыстың 17 жастағы жасөспірімдері есірткімен ұсталды
Оларда 200 грамнан асатын синтетика табылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері Петропавл қаласының 17 жастағы тұрғындарын анықтады.
Тексеру барысында жастардың бірінен ақ түсті ұнтақ заты бар 20 полимерлі пакет тәркіленді.
Ұсталғандардың уақытша тұрғылықты жері бойынша жалпы салмағы 200 грамнан асатын синтетикадан шыққан психоактивті затпен байламдар, полимерлі пакеттер, таспа мен «синтетиканы» буып-түюге арналған басқа да құрылғылар тәркіленді.
Анықталғандай, жастар Павлодар қаласында есірткі мен психотроптарды тарату үшін үйді жалға алған.
– Есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындағаны, өңдегені, сатып алғаны, сақтағаны, не өткізгені үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлайды облыс полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.
Полиция департаменті мұндай қылмыс жасағаны үшін Қазақстан заңнамасында өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.