Павлодарда көше бөлігін су басты
Зақымдануды жою кезінде бірнеше үй сусыз қалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС мәліметінше, коммуналдық апат Усолка шағын ауданында, Теплов және Ак. Сәтбаев көшелерінің қиылысында болған.
Зақымдалған желілер «Коммунсервис» КММ-нің балансында.
– Аталған су құбыры «Павлодар-Водоканал» ЖШС балансына кірмейді. Апатты жою кезеңінде бірнеше үйде су болмайды, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қанша үйдің сусыз қалатыны әзірге белгісіз.