Павлодарда көше музыканттарына арналған сахналық орындық табысталды

Осыған дейін музыканттардың өнерін қолдау мақсатында арнайы шағын сахна орнатылған болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, шаһардың мәдени өмірінде ерекше орын алатын көше өнері жылдан-жылға дамып келеді. Көктемнен күзге дейін көше музыканттары қала тұрғындары мен қонақтарына жағымды көңіл-күй сыйлап, жағалауға ерекше шығармашылық атмосфера береді.
Биыл көше музыканттарының бастамасымен және облыс әкімі Асайын Байхановтың қолдауымен олардың өнер көрсетуіне қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы шағын сахна орнатылды. Бұл бастамаға жастар да қолдау білдіріп, музыканттарға арналған жайлы орындық қажеттігін жеткізген.
Осыған орай, жастардың өтініші бойынша, өңір басшысы Асайын Байхановтың және қала әкімі Хасар Хабылбековтің қолдауымен, сондай-ақ «Қамқор Pavlodar» компаниясының демеушілік көмегімен музыканттарға арнайы сахналық орындық дайындалып, табысталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram