Павлодарда көшелердің бірі уақытша жабылады

Павлодарда көшелердің бірі уақытша жабылады
Фото: pixabay.com

Толстой көшесі бойында диаметрі 700 мм кәріз коллекторын реконструкциялау бойынша іс-шаралар орындалады, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы әкімдігінің мәліметінше, «АП-ИМПЕКС»  ЖШС мердігерлік ұйымы Иса Байзақов көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі учаскеде жұмыс істейді.  

– Жұмыстар траншеясыз әдіспен – санация тәсілімен жүргізіледі. Осыған байланысты Толстой көшесі бойынша көлік қозғалысы Иса Байзақов көшесінен Нұркин көшесіне дейін – 18 мамырға дейін, Нұркин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі 28 мамырға дейін жабылады, – деп жазылған хабарламада.

Бұл жұмыстар кәріз коллекторының қызмет ету мерзімін ұлғайту және  асфальтбетон жабынының құлауын болдырмау үшін қажет.

Әкімдікте жүргізушілерден жол қозғалысын алдын ала жоспарлауды сұрайды.