11 сәуірде Павлодар облысында ыстық болады

11 сәуірде Павлодар облысында ыстық болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Қазгидрометтің мәліметінше, таңертең және түстен кейін облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. 

Облыс бойынша түнде температура +8...+13°C, күндіз +21...+26°C болады. Жауын-шашын күтілмейді. 

Павлодарда түнде +9...+ 11°C, күндіз + 22...+ 24°C-қа дейін ыстық болады.