Екібастұз мәдениет үйінде Өзбекстан азаматтары заңсыз жұмыс істеген
Заң бұзушылық «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көші-қон қызметінің қызметкерлері Азария Шукубаева мен Снежанна Захарова Бәйет ауылдық мәдениет үйінің ғимаратын салумен заңсыз айналысқан Өзбекстан Республикасының азаматтарын анықтады.
– Еңбек қызметін уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырғаны үшін Өзбекстан Республикасының тоғыз азаматы ҚР ӘҚБтК 5-бөлігінің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсысына 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша тиісті рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін жұмыс беруші де жазаланды, – деп хабарлайды облыстық көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.
Павлодар облысының полиция департаменті азаматтардан Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзбауды сұрайды.