Павлодарда кастеті бар есірткіге елтіген жүргізуші ұсталды

Павлодарда кастеті бар есірткіге елтіген жүргізуші ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ер адамға қатысты әкімшілік материал толтырылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Қамзин көшесінде Chevrolet маркалы автокөлікті тоқтатып, сөйлескен кезде  оның өзін-өзі дұрыс ұстамайтынын көрген соң дереу куәландыруға жеткізген. 

– Жүргізушінің жағдайын медициналық куәландыру растады, ол есірткіге мас болды. Сонымен қатар, жүргізуші куәлігі болған жоқ, тіпті ешқашан алмаған болып шықты. Есірткіге мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін ер адамға қатысты әкімшілік материал толтырылып, іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілді, – дейді департаментте. 

Сонымен қатар, көлікті визуалды тексеру кезінде көлікте кастетке ұқсас зат табылған. Алынған заттар сараптамаға жіберіліп, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады.

Айта кетерлігі, полицейлер ағымдағы жылы өңірде мас күйінде жүргізушілердің көлік жүргізуінің  150-ге жуық фактісін тоқтатты.