Павлодар ауданында жылдам шахматтан облыс кубогы ойнатылады

Павлодар ауданында жылдам шахматтан облыс кубогы ойнатылады
Фото: pexels.com/ Boris Hamer

Турнирге үшінші разрядтан төмен емес шахматшылар қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

3-4 мамыр күндері Розовка ауылында жылдам шахматтан Павлодар облысы кубогының төртінші кезеңі өтеді. Турнир швейцариялық жүйесі бойынша тоғызыншы турда халықаралық рейтингті ескере отырып ұйымдастырылады және ФИДЕ ережелеріне сәйкес өткізіледі. Ойын басталған сәттен әр қатысушыға 15 минут 10 секунд уақыт беріледі.  

Турнир шахматты насихаттау, ең мықты ойыншыларды анықтау және Павлодар облысында шахматты дамыту мақсатында өтеді. 

Жарыс сағат 11:00-де Абай көшесі, 38Б мекенжайында басталады. Жүлделі орын алған шахматшыларға сыйлықтар беріледі. 

Турнирге қатысу үшін өтініш беруді келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады: +7 775 991 08 43 ( турнир директоры Арыстан Қапаев), бас төреші: +7 707 840 12 11 (WhatsApp), хатшы: +7 705 116 5166.