Павлодарда хабарсыз кеткен екі азамат іздестірілуде

Павлодарда хабарсыз кеткен екі азамат іздестірілуде

Олардың бірі 20 жасар бозбала кеше үйінен шыққан күйі оралмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

"Vita" іздеу жасағының мәлімдеуінше, Амантай Ахжар 25 шілде күні сағат 10:00-дер шамасында үйінен шыққан.

Амантай Ахжар 2003 жылы қаңтардың 8 күні дүниеге келген. Бойы 170 см. Қоңыр көзді, қара шашты, орташа денелі.

Үстінде қара футболка, сұр түсті шалбар мен қара спорттық аяқ киімі бар.

Амантайды үйінде туған-туыстары күтуде.

Сонымен қатар, "Vita" іздеу жасағының еріктілері 21 шілде күні балыққа кетіп, оралмаған Денис Гавриченконы іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Жақындарының айтуынша, ер адам сол күні ішімдік ішкен. Үйіне келіп шатыр мен бір адамдық қайығын алып балыққа кеткен. Өзімен бірге жеке куәлігі мен ақшасы болған. 

21 шілдеден бері оны да ешкім көрмеген.

- Бүгін біздің еріктілер Денистің соңғы рет қай жерде болғанын және балық аулаған орнын тапты. Жоғалған ер адам Усолка өзеніне келген. Бүгіннен бастап іздеу тобы жігіт болған аумақты зерттеуді бастады, - делінген хабарламада.

Хабарсыз кеткен азаматтар туралы қандайда бір ақпарат білсеңіздер берден 8747 615 55 63 (Катерина) немесе 8777 334 82 01 (Светлана) нөмеріне хабарласуды сұрайды.