28 тамызда Павлодар облысында аптап ыстық болады

28 тамызда Павлодар облысында аптап ыстық болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, бейсенбіде сынап бағанасы +29...+34 °C-ты көрсетеді. Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Павлодарда ауа температурасы +31...+33 °C-қа дейін көтеріледі. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады.