Павлодарда кинематография киноактерін еске алады

Павлодарда кинематография киноактерін еске алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Павлодарда кинематография киноактерін еске алады

Жанас Ысқақов 50-ден аса көркем фильмге түскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде 27 қараша күні  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан кинематография одағының мүшесі, театр және киноактері Жанас Ысқақовтың 75 жылдығына орай «Театр – тарих тағылымы» аттыәдеби- музыкалық кеш ұйымдастырылады.

Актер 1949 жылы Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы драма театрында бастаған. Қазақ театр сахнасында маңызды рөлдерді шебер сомдап, бірнеше фильмге түскен.

–    Әр жылдары О.Бодықовтың «Қанжар мен домбыра» трагедиясында, Аяған Шәжімбайдың «Жансебіл» драмалық туындасында және «Ғажайып Түркістан», «Махаббатты ұғынысу» спектакльдерінде  жаңа образдар жасаған. Сонымен қатар, «Мосфильм» киностудиясы түсірген режиссер Аркадий Кордонның «Сам елінің ұлы азаматы» атты атақты фильміне түскен. Ал «Бауырым менің Маугли» фильмінде  Шибөрі образын сомдады, – деп түсіндірді ұйымдастырушылар.

Кинематография Одағының мүшесі өмірінің соңына дейін 50-ден аса көркем фильмге түсіп, кейбірінде басты рөлдерді сомдаса, кейбірінде эпизодтық рөлдерден табылып жүрді.

Іс-шара барысында жергілікті әнші-домбырашылардың орындауында әндер шырқалады. Сондай-ақ актердіңжеке заттары мен құжаттары қойылған шағын көрме ұйымдастырылады. Кешке актердің туыстары қатысады.