Астаналық тұрғын Павлодар колониясындағы жолдасына насыбай өткізбек болған

Астаналық тұрғын Павлодар колониясындағы жолдасына насыбай өткізбек болған
Фото: Павлодар облысы бойынша ҚАЖД

Тыйым салынған заттар азық-түлік салынған сөмкеде табылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Елорданың 34 жастағы тұрғыны абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін жазасын өтеп жатқан жолдасымен ұзақ мерзімді кездесуге келді.

Азық-түлік сөмкесін тексеру кезінде алты пластикалық сусын бөтелкелері табылды, олардың ішінде насыбай болды. Сондай-ақ, мұқият тексеру кезінде 5135 теңге көлемінде қолма-қол ақша және флеш-карта тәркіленді. Тексеру кезінде барлық келушілерге тыйым салынған заттарды алып жүру жауапкершілігі туралы ескертеміз, сондай-ақ олармен әңгімелер жүргіземіз. Алайда, жүргізілген шараларға қарамастан, мұндай фактілер орын алып тұрады, – дейді №45 колония бастығы Қуаныш Қойшыбаев.

Әйелге қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот отырысы барысында ол кінәсін толық мойындады. Оған қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының шешімімен ескерту жасалды.