Екібастұзда жүргізуші куәлігі жоқ мотоцикл жүргізушісі ұсталды

Екібастұзда жүргізуші куәлігі жоқ мотоцикл жүргізушісі ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мотоциклі айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары патрульдеу барысында патрульдік полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігінсіз мотоцикл басқару фактісінің жолын кесті.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, мотоцикл ұсталу себептері жойылғанға дейін мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

– Тиісті жүргізу құқығынсыз көлік құралын басқару жол қозғалысы қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді. Азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырмауға шақырамыз, – деді Екібастұз қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция ротасының командирі Арман Құрманғали.

Айта кетейік, жүргізуші куәлігінсіз көлік басқаратындарды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.