Павлодарда комиссия жылу желілеріндегі кемшіліктерді анықтайды
Көпқабатты үйлердегі жылу мәселесін анықтайтын комиссия 7 қазаннан бастап жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметінше, бүгінгі күні 32 көп қабатты тұрғын үй тексерілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.
– Құрамында тұрғын үй инспекциясы бөлімі, «Павлодар жылу желілері» ЖШС және қызмет көрсетуші ұйымдардың өкілдері кіретін комиссия жылумен қамту жүйесіне қатысты туындаған мәселелерді жедел түзету үшін күн сайын көпқабатты үйлерді аралайды, – дейді тұрғын үй инспекциясында.
Қала тұрғындары жылу мәселесіне қатысты өтініштерді тұрғын үй инспекциясы бөлімінің @zhil.inspektsiya әлеуметтік желісіне немесе Кривенко көшесі 25, (706 кабинет) мекенжайы бойынша хабарлай алады.