Павлодарда кәсіпкерді алдаған қызметкер жауапкершілікке тартылды

Павлодарда кәсіпкерді алдаған қызметкер жауапкершілікке тартылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бәріне кінәлі есепші болып шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, мемлекеттік сатып алу шеңберінде орындалған міндеттемелер бойынша «Ақсу су арнасы» ШЖҚ МКК ақшалай қаражатын төлемеуге қатысты жеке кәсіпкер жүгінді.

– Департаменттің араласуынан кейін аталған ұйым өзінің қателігін мойындап, кәсіпкерге ақшалай қаражат төледі. Өз кезегінде «Ақсу су арнасы» ШЖҚ МКК есепшісі ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, егер кәсіпкер сыбайлас жемқорлық көріністеріне, әкімшілік кедергілерге тап болса, ол 8 (7182) 37-85-86 нөмірі бойынша өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жедел желісіне хабарласа алады.