Павлодарда кәсіпкерлерге алаяқтардан сақ болу ескертілді

Павлодарда кәсіпкерлерге алаяқтардан сақ болу ескертілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Алаяқтар қылмыстық әрекеттерін заңды келісімшарттар түрінде жасырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсiпкерлiк субъектiлерi мен азаматтардан келіп түсетін өтініштерді талдау барысында жосықсыз тұлғалардың тауар жеткізу, қызмет көрсету немесе жұмыс орындау туралы келісімдерді пайдаланып, азаматтар мен бизнес өкілдерінің қаражатын иеленуге бағытталған әрекеттерге баратыны анықталған.

– Құқық қолдану практикасында жәбірленушілер мәмілелерді жарамсыз, не жалған деп тану туралы талаптарды мәлімдемей, ақшалай қаражатты өндіріп алу туралы талап-арыздармен сотқа басым түрде жүгінетін проблема сақталып отыр, – делінген хабарламада.

Бұл жағдай кейіннен әрекеттердің тиісті қылмыстық-құқықтық саралануын қиындатады, өйткені формальды түрде азаматтық-құқықтық қатынастардың сипаты сақталады, мұны жосықсыз адамдар қылмыстық жауаптылықтан жалтару үшін пайдаланады.