Павлодарда қоғамдық орында жүрген мас тұрғындар жазаланды

Павлодарда қоғамдық  орында  жүрген  мас тұрғындар жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Патрульдік полиция батальонының инспекторлары бір тәулік ішінде  40 құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Кибер-шериф» жүйелері белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кетудің 30 фактісін тіркеді. Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 592 тармағы 1- бөлімі бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

– 9 адам ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша ішімдік ішкені немесе қоғамдық жерде мас күйінде пайда болғаны үшін жауапқа тартылды. Патрульдік полиция батальонының инспекторлары тыныштықты бұзу фактісі бойынша 6 шақыртуға шықты. 5 азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік материалдар толтырылды, – деді жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Азамат Күркебаев.

Айта кету керек, «Полицияның қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы аясында халықпен өзара іс-қимылды жақсарту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін процестерді оңтайландыру мақсатында жазғы кезеңде Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны жасақтарының тығыз орналасуы қайта қаралды.