Павлодарлық кадр резервіне кандидаттар іріктелді

Павлодарлық кадр резервіне кандидаттар іріктелді
Фото: Валерий Бугаев

Басты шарттардың бірі өз жобасын әзірлеу болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кадр резервіне кіруге өңірдің 200-ден астам тұрғыны құжаттар тапсырды. Олардың арасында бас және жетекші мамандар, қалалар мен аудандар әкімдіктері бөлімдерінің, сондай-ақ облыстың әртүрлі ведомстволары мен басқармаларының басшылары, үкіметтік емес сектордың өкілдері болды. 

ҚР Заңнамасын білуге тестілеуден өту бойынша  іріктеудің бірінші кезеңінен 71 адам өтті.

Екінші және үшінші кезеңдер кандидаттардың жеке қасиеттері мен құзыреттерін, соның ішінде ассесменттің өтуін бағалауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде 31 қатысушы өңірлік кадр комиссиясына әңгімелесуге жолдама алды.

Комиссия мүшелеріне, сондай-ақ сарапшыларға үміткерлер жобаларын ұсынды. Ұсынылған тақырыптардың ішінде білім беру, инклюзия, спортты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп, инвестициялар тарту мәселелері болды. Үміткерлер өз жобаларын статистикалық мәліметтермен, аналитикамен, слайдтармен және графикамен бекітті.

Кейбір үміткерлер кадр резервіне кіріп, өзінің қызметтік жағдайын өсіруге ниетті, кейбіреуі басқа мемлекеттік салаға ауысуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ өзінің бәсекеге қабілеттілігін тексеруге шешім қабылдағандар да бар.

Кандидаттардың әрқайсысымен өңірлік кадр комиссиясының төрағасы, облыс әкімі Асайын Байханов кездесті. Ол үміткерлерден өздерін болашақта кім ретінде көретіндерін және аймақ тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту үшін не істеу керек деген сияқты егжей-тегжейлі сұрақтар қойды.

Нәтижесінде облыстың кадр резервіне 20 адам өтті. Олар сайланбалы лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын атқара алады.

Айта кетейік, өңірлік резервке қабылдау үшін Қазақстан азаматтығы, жоғары білімі, кемінде үш жыл еңбек өтілі болуы тиіс және жасы 35-тен  аспауы қажет.