Әр тамшы қан – өмір сыйы: павлодарлық құтқарушылар қанмен бөлісті

Әр тамшы қан – өмір сыйы: павлодарлық құтқарушылар қанмен бөлісті
Фото: Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті

Олар 15 литрден астам қан тапсырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «ҚР ТЖМ 30 жылдығына – 30 игі іс» акциясы аясында ұйымдастырылған «Қан тамшысы» атты донорлық марафонға белсенді қатысты.

– Іс-шараға 30-дан астам құтқарушы қатысып, қажетті адамдарға көмек қолын созды. Олар барлығы 15 литрден астам қан тапсырды. Бұл көмек – өмір үшін күресіп жатқан науқастарға нағыз үміт сыйлады, – деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствода атап өткендей, марафонға қатысушылар батырлықтың тек төтенше жағдай кезінде адамдарды құтқарумен ғана шектелмейтінін, қызметтен тыс уақытта да мейірімділік пен жанашырлық таныту маңызды екенін дәлелдеді.