Павлодарда көпқабатты үйден құлаған әйел қайтыс болды

Павлодарда көпқабатты үйден құлаған әйел қайтыс болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол ауыр жарақаттар алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен адам өте ауыр жағдайда түскен.

Павлодар қаласының бірінші қалалық ауруханасында әйел адам жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

– Өкінішке орай, ол ауруханаға түскеннен кейін үш сағаттан соң қайтыс болды, – деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, жедел жәрдем қызметіне 51 жастағы қала тұрғынының құлап кеткені туралы шақырту 13 ақпанда сағат 17.03-те түскен болатын. Дәрігерлер оқиға орнында төрт минуттан кейін болды. Куәгерлердің айтуынша, әйел адам көпқабатты үйдің терезесінен құлаған.