Павлодарлықтар виртуалды түрде ақпараттық ресурстарға қалай қол жеткізе алады?

Павлодарлықтар виртуалды түрде ақпараттық ресурстарға қалай қол жеткізе алады?
Фото: Константин Шелков

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада виртуалды анықтамалық қызмет түріне жүгіне алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының № 26 жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушылары үшін «Кітапханадағы виртуалды анықтамалық қызмет көрсету» тақырыбында кітапхана сабағы ұйымдастырылды. 

Қазіргі заманғы кітапханалар өз қызметінде виртуалды қызметті белсенді пайдаланады. Сондықтан кітапхана кез-келген түрде ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін мекемеге айналды.

– Мұндай қызмет көрсетудің артықшылығы – дәстүрлі кітапханалық қызмет кітапхана пайдаланушыларының өзекті қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алмайды, ал виртуалды қызмет қашықтан қол жеткізудегі барлық ақпараттық ресурстарды пайдалануға мүмкіндік береді, - дейді кітапхана қызметкерлері.

Виртуалды анықтамалық қызмет – бұл кітапханадағы ең кең таралған қызмет түрі.

Сабақ барысында балалар электрондық каталог, құжаттарды электронды жеткізу туралы білді. Сондай-ақ, «Павлодар Ертіс өңірінің әдеби картасы», «Есімдер шоқжұлдызы», «Ерлікке тағзым» виртуалды мұражайы, «Павлодар облысының ғалымдары» атты цифрлық энциклопедиясы, Торайғыров энциклопедиясы, цифрлық баспа банкі, onlinekitap.kz сияқты электрондық кітапхана ресурстарымен танысты. 

Барлық аталмыш ресурстарды кітапхана әзірледі. Бүгінде ол пайдаланушылар үшін еркін қол жетімді. 

Сонымен қатар, оқушылар кітапхана залдарына экскурсия жасады.