Павлодарда легионерлерге қатысты мәселеге нүкте қойылды
Бұл туралы сауалға ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев жан-жақты жауап қатты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Вице-министр атап өткендей, шетелдіктерге қатысты мәселе түбегейлі шешілді. Шетелдік спортшыларды қаржыландыруға тыйым салатын заң жобасы келесі жазда қабылданады. Дегенмен 2025 жылдың қаңтарынан бастап-ақ легионерлерге тыйым салынады.
– Яғни, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын спортшыларды республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландыруға тыйым салынады. Халық оларды легионерлер деп атайды. Норма мемлекеттік және квазимемлекеттік секторға қатысты, - деді Серік Жарасбаев.
Серік Жарасбаев мысал ретінде Астананың «Барыс» хоккей клубын келтірді. Елордалық команда сегіз бірдей шетелдік ойыншыдан бас тартты.
Дейтұрғанмен, шетелдік мамандар: жаттықтырушы, массажист, скаут, психологтар және тағы да басқа шеберлерді шақыру құпталады. 2024 жылдың жазында Париждегі фиаскодан соң қазақ дзюдосы мен боксы осы жолды таңдаған.
Спорт қауымдастығымен кездесуде вице-министр ведомство қызметінің негізгі бағыттарына тоқталып, жалпы саланың алдында тұрған міндеттерге тоқталды.
Министрліктің жұмысы бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға қайта бағытталып, менеджмент вертикалы және спорттың осы немесе басқа түрін дамыту мәселелері өзгереді.