Павлодарда Лермонтов көшесі бір түнге жабылады

Павлодарда Лермонтов көшесі бір түнге жабылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлау сұралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, «Лермонтов көшесін қайта жаңарту» жобасы аясында асфальттау жұмыстары жүргізілуіне байланысты 21 тамыз күні сағат 22:00-ден 22 тамыз күні сағат 8:00-ге дейін Лермонтов көшесі бойынша автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу Набережная көшесінен бастап Академик Сәтбаев көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.

Ведомство тудыратын қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді.