Павлодарда МҚК орталықтарында уақытша теориялық емтихан тапсыруға болмайды

Павлодарда МҚК орталықтарында уақытша  теориялық емтихан тапсыруға болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Техникалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мәліметінше, осыған байланысты 14 қазан күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін еліміздегі кезекші мамандандырылған қызмет көрсету орталықтарында теориялық емтихан тапсыру мүмкіндігі болмайды. 

– Сондай-ақ ақпараттық жүйелерде жоспарлы жұмыстар жүргізілуіне  байланысты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін басқа да қызметтерге өтініштерді қабылдауда уақытша кідірістер орын алуы мүмкін, – деді «109» қызметінде.

Орталықта уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.