Павлодарда Мәшһүр Жүсіп көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Тұрғындардан бағыттарын алдын ала жоспарлау сұралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 мамыр күні сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты М. Жүсіп – Едіге би көшелерінің қиылысынан шығысқа қарай, Лермонтов көшесінен бастап Олжабай батыр көшесіне дейінгі М. Жүсіп көшесінің шығыс бөлігі уақытша жабылады.
Ведомство тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырады және жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.