Павлодарда мектеп маңында жалаңаш жүгірген ер адам ұсталды

Павлодарда мектеп маңында жалаңаш жүгірген ер адам ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қамауға алынуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желіде Павлодар көшелерінің бірінде жалаңаш ер адамның жүгіріп жүргені туралы ақпарат таралды. Видео түсірген автордың айтуынша, ол азаматты қаладағы мектеп жанындағы жолда байқаған.

– Ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді, жедел жәрдем қызметкерлері оны қарап шықты. Оған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сот қарауына жіберіледі, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.

Еске сала кетейік, ұсақ бұзақылық – бұл жеке тұлғаларға тіл тигізу, айналасындағыларға құрметсіздік білдіру және қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын өзге де әрекеттер болып саналады. Мұндай құқықбұзушылық үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады, не 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.