Павлодарда мемлекетке 70 миллион теңге қарыз борышкер ұсталды

Павлодарда мемлекетке 70 миллион теңге қарыз борышкер ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол екі жыл бойы іздеуде жүрген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы Жәнібек Тусіпбеков мемлекет пайдасына 70 миллион теңгеден астам соманы өндіру туралы атқару құжатының талаптарын орындамағаны үшін борышкерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша хаттама толтырып, қарастыру үшін сотқа жолдаған.

– Борышкер екі жыл бойы іздеуде жүрген. Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен өзара іс-қимыл мен бірлескен күш-жігердің нәтижесінде іздеуде жүрген борышкер ұсталды, – деді облыстық әділет департаментінің баспасөз қызметінде. 

Сот қаулысымен заң бұзушы бір тәулік, яғни әкімшілік қамау түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Борышкер ұзақ уақыт бойы салық төлемеген, кірісін жасырып, бірнеше жеке кәсіп ашып, атауларын ауыстырып жүрген.