Павлодарда металлургтер саябағы жаңартылады

Павлодарда металлургтер саябағы жаңартылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Иттерді серуендетуге арналған орындар да болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл ауданы 11 гектардан асатын металлургтер саябағын түрлендіріп, жаңарту мақсатында тұжырымдама әзірленетін болады.

– Оның аясында қазір бар демалыс алаңдарын дамытып, тұрғындар үшін бірнеше жаңа орындар құру жоспарлануда. Спорт алаңдары орнатылады. Иттерді серуендетуге арналған орындар да болады, – дейді баспасөз орталығында.

Қала басшысы Хасар Хабылбеков металлургтер саябағын жаңарту жұмыстарын келесі жылы бастау үшін тиісті құжаттарды үш ай мерзімінде әзірлеуді тапсырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)