Павлодар облысында полиция департаменті ұрып-жығу фактісі бойынша тергеу бастады

Павлодар облысында полиция департаменті ұрып-жығу фактісі бойынша тергеу бастады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиға Екібастұз қаласында орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала тұрғыны Instagram желісінде өзіне қасақана түрде шабуыл жасағаны туралы мәлімдеме жасады. Автордың сөзінше, ер адам оның басын қабырғаға жарақаттап, денесін тепкілеп, ақ түсті ұнтақ тәріздес затты енгізбек болған. 

Аталмыш жайт бойынша құқық қорғау қызметкерлері тексеру жұмыстарын бастап кетті.

– Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу барысында деректер тексеріліп, оқиғаның шығу себептері анықталатын болады, – деді департаментте. 

Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын зорлық-зомбылық фактілеріне тап болғанда немесе оқиға кәугері болған уақытта бірден 102 телефон нөміріне хабарласуға немесе «Police 102» мобильдік қосымшасын пайдалануға шақырады.

Ислам Достов