Ертіс өзенінің жайылмасында құрғақ шөп жануда

Ертіс өзенінің жайылмасында құрғақ шөп жануда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әзірге қанша аумақ жанып кеткені белгісіз, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы ТЖД хабарламасы бойынша 13  сәуір күні  сағат 08.54-те Павлодар қаласының батыс бөлігінде Ертіс өзенінің жайылмасында құрғақ шөп өртенген. 

Өртті сөндіруге № 5 өрт сөндіру бөлімінен 1 автоцистерна, Алғабас ауылдық округінен өрт сөндіру бекеті жұмылдырылды. 

Департаментте өрт шалған аумақтың көлемін анықтауда.