Павлодарда мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған кеңсе ашылады
Жоба бағдарламасына кеңес беру іс-шаралары кіреді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Көптеген жылдар бойы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Алтын Бата» қоғамдық қоры екінші жыл қатарынан ерекше қажеттіліктері бар жастарға арналған ақпараттық қолдау маусымын бастады.
21 маусымда Павлодарда мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде ақыл-есі кем жастарға арналған ақпараттық-ресурстық кеңсе қайта ашылады.
Жоба бағдарламасында жастарға, олардың ата-аналары мен қамқоршыларына, сондай-ақ спорттық және шығармашылыққа арналған ақпараттандыру және кеңес беру іс-шаралары кіреді.
Бұдан басқа дөңгелек үстелдер жоспарланған. Тыңдаушылар денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және басқа да ведомстволар өкілдерінен сұрақтарға жауап ала алады.
Айта кетейік, жоба 2023 жылдан бастап Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жұмыс істейді.