Павлодарда оқушылар экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсынды

Павлодарда оқушылар экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсынды
Фото: Павлодар қалалық білім беру бөлімі

Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «Жас экорепортер» облыстық байқауының қалалық кезеңін өткізді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оған № 14, 21, 25, 35, 39, 40, 43, М. Әуезов атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, Ә. Бөкейхан атындағы, С. Торайғыров атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Жетекші ЖОМ   8-10-сыныптардың оқушылары, экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері қатысты.

Байқау шарттары бойынша қатысушылар өңірдегі экологиялық проблемаларды шешу бойынша экологиялық іс-шараларға қатысу жөніндегі өздерінің шығармашылық жұмыстарын қорғады.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды 8-сынып оқушылары арасында Ә. Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің оқушысы Назерке Шәкәрім алды.

Мен өз жұмысымда толып жатқан қоқыс полигондары, зауыт түтіні туралы сұрақтарды көтердім және жаңа жасыл желектерді отырғызу, қоқыстарды сұрыптау және қайта өңдеу сияқты аталған мәселелерді шешу жолдарын ұсындым,  – дейді ол. 

9-сынып оқушылары арасында І орынды Б. Момышұлы атындағы ЖОМ оқушылары Нұрайым Дүйсембай және Аделия Қайшыбаева алды. Олар қаланың экологиялық проблемалары – өнеркәсіптік кәсіпорындардың су мен ауаның ластануы туралы репортаж ұсынды. 

10-сынып оқушылары арасында рұқсат етілмеген қоқыстар, ауаны газдармен ластау туралы подкаст жасаған А. Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ оқушысы Аурика Тумаренко үздік атанды.