Павлодарда облысында «Жыл тәлімгері-2023» байқауы өз мәресіне жетті
Қатысушылар екі аталым бойынша бақ сынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы білім басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқушылар сарайында «Жас ұлан» ББЖҰ ұйымдастыруымен "Жыл тәлімгері - 2023" облыстық байқауының финалы өтті. Онда аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары 15 аға тәлімгерлер өз шеберліктерін дәлелдеді.
Қатысушылар "Үздік жас тәлімгер" және "Баға жетпес тәжірибе" атты екі аталым бойынша бақ сынады.
- Бірінші кезеңде қатысушылар өздерінің тәлімгерлік жұмыстарын видеоблог түрінде ұсынды. Аға тәлімгердің қызмет жүйесін көрсетті. Финалда "Мен тәлімгермін – бұл керемет!" байқауында қатысушылар театралды қойылым, флэшмоб, тимбилдинг арқылы өз қызметінің ерекшелігін баяндады. Сонымен қатар, өздерінің вокалдық және хореографиялық қабілеттерін, авторлық поэтикалық шығармаларын ортаға салды, - делінген хабарламада.
"Экспромт" байқауы педагогикалық жағдайларды шешуде тәлімгердің тапқырлығын анықтады. "Креативті Life" байқауында тәлімгерлер байқауға қатысушылармен шеберлік сабақтарын өткізу арқылы өздерінің ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете білді.
Сонымен «Үздік жас тәлімгер» аталымында Бас жүлдені Екібастұз қаласы № 35 мектеп-гимназиясының тәлімгері Айсулу Шукижанова иеленді. Ал 1-орын Баянауыл ауданы Ш. Айманов атындағы мектеп атынан қатысқан Айдана Шақырманға бұйырды.
Ал «Баға жетпес тәжірибе» аталымында баянауылдық Д.Рахметов атындағы мектептің қатысушысы Мирагүл Бекмағанбетова көш бастады. Ал бірінші орын Ақсу қаласы Үштерек орта мектебінің тәлімгері Баян Амерхановаға бұйырды.