Павлодарлық университеттің қабылдау комиссиясы жұмысын қорытындылады

Биыл Торайғыров университетіне шамамен үш мың жаңа білім алушы қабылданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Университеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл көрсеткіш магистратура мен докторантураны қоса алғанда есептелді.
Университет ректоры Нұрлан Медетов қабылдау науқанына атсалысқан барлық қызметкерлерге ризашылығын білдірді.
– Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында биыл университетімізге магистратура мен докторантураны қоса есептегенде шамамен үш мың білім алушы қабылданды. Бұл – үлкен жұмыстарыңыздың нәтижесі. Шын мәнінде, кез келген жоғары оқу орнының негізі – білім алушылар. Ал оларға алғашқы бағыт-бағдар беретін – қабылдау комиссиясының қызметкерлері. Жұмыс көлемінің ауқымдылығына қарамастан, команда бұл міндетті мінсіз атқарып шықты. Қажырлы еңбектеріңіз үшін университет ұжымы атынан алғысымды білдіремін, – деді Нұрлан Медетов.
Оның айтуынша, қабылдау комиссиясының еңбегі жаңа оқу жылының табысты басталуына және білім беру үдерісінің сапалы ұйымдастырылуына зор үлес қосты.