Павлодарда онколог дәрігерлер тегін кеңес береді
Алдын ала жазылудың қажеті жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық онкологиялық диспансерінің мәлімдеуінше, 3 ақпан күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Халықаралық онкологиялық ауруларға қарсы Ашық есік күні өтеді.
– Барлық ниет білдірушілерді онколог дәрігерлерімен тегін және алдын ала жазылусыз кеңес алуға шақырамыз. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет, – дейді ұйымдастырушылар.
Мекенжайы: Российская көшесі, 57/3, А корпусы.
Байланыс телефоны: 66-00-91, 66-00-97, 66-00-98.