Павлодарда онкологиялық ауруларға қарсы Ашық есік күні өтеді

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2025 жылғы 8 ақпан, сенбі күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Халықаралық онкологиялық ауруларға қарсы Ашық есік күні өтеді.
Барлық ниет білдірушілер онколог дәрігерлерінен тегін және алдын ала жазылусыз кеңес ала алады. Көрсетілімдер кезінде пациенттерге өкпенің төмен дозалы КТ жүргізіледі.
Мекенжайы: Российская көшесі, құрылыс 57/3, А корпусы. Байланыс телефоны: 66-00-91, 66-00-97, 66-00-98.