19 тамызда Павлодар облысында бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей жерлерде 23 метрге дейін жетеді.
Өңірде түнде ауа температурасы +10...+15°C, күндіз +18...+23°C көрсетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ, бұрқасын күтіледі.
Павлодарда түнде +13...+15°C, күндіз +20...+22°C, бұлтты, жаңбырлы болады, күн күркірейді.