Павлодарда ойын тәуелділігі мәселесі бойынша дебат турнирі өтті

Павлодарда ойын тәуелділігі мәселесі бойынша дебат турнирі өтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оған төрт команда қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жастар бастамаларын дамыту орталығында Қазақстан Халық партиясы ҚБ Павлодар облыстық филиалы ұйымымен бірлесіп «Тура жол» жобасы аясында «Лудомания» тақырыбында дебат турнирі ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында ойын тәуелділігі мәселесі туралы ақпараттандыруды арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және сыни ойлауды дамыту.

Дебат турниріне төрт команда қатысып, жоғары дайындық деңгейін, дәлелді пікір айту қабілетін және командалық жұмысты көрсетті. Қатысушылар лудоманияның себептері мен салдарын, сондай-ақ бұл мәселеге тап болған адамдарды алдын алу және қолдау жолдарын талқылады.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған «TOU jastary» командасы 1 орынды иеленді. Команда дипломмен және сыйлықтармен марапатталды

Сондай-ақ сертификаттар мен сыйлықтар «Жан Жан» фракциясы, «Aqiqat A» фракциясы, «Red Bull Racing» командаларға табысталды.